«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ және Es’hailSat ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады
Катар мемлекетіне жұмыс сапары аясында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма мүшесі – Басқарушы директор Аманат Умбетбаев Es’hailSat коммерциялық департаменті вице-президенті Хамад Омар Аль-Маннаимен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар ғарыштық технологиялар, спутниктік байланыс және цифрлық шешімдер саласындағы ынтымақтастық жолдарын, сондай-ақ тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.
Сапар барысында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ делегациясы Es’hailSat компаниясының қызметімен, оның технологиялық инфрақұрылымымен және негізгі даму бағыттарымен танысты. Тараптар Қазақстан мен Катар арасындағы ғарыштық индустрия және спутниктік байланыс саласындағы серіктестікті нығайтуға өзара мүдделілік білдірді.