«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясында «Мүдделер қақтығысы» тақырыбында оқыту өтті


1 (2).jpg


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл Агенттігінің Превенция қызметінің аса маңызды істер жөніндегі офицері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлеріне «Мүдделер қақтығысы» тақырыбында оқыту жүргізді.

Оқыту барысында мүдделер қақтығысының негізгі түсініктері, оның алдын алу жолдары мен заңнамалық негіздері талқыланды. Сондай-ақ, қатысушылар тәжірибелік кейстер арқылы өзара пікір алмасып, сұрақтарына жауап алды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға және ашықтық қағидаттарын ұстануға ерекше көңіл бөледі. Мұндай оқыту семинарлары қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттырып, корпоративтік этика деңгейін күшейтуге ықпал етеді.