Алғыс айту күні құтты болсын!

1 (3).jpg

Көктемнің алғашқы күнімен бірге жүректерге жылулық сыйлайтын жарқын мереке – Алғыс айту күні құтты болсын! Бұл күн – жақсылықты бағалап, бір-бірімізге ризашылық білдірудің тамаша мүмкіндігі.

Алғыс айту – адам жанына шуақ сыйлайтын ерекше қасиет.
Алғыс айтқан сайын айналамыз жақсара түседі, мейірім көбейеді. Әрбір игі іс, қолдау мен ықылас, жылы сөз – алғысқа лайық.

Бұл мереке алғаш рет 2016 жылы атап өтілді.
Оның түп-тамыры еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне және қиын-қыстау кезеңде қамқорлық көрсеткен қазақ халқына деген ризашылығынан бастау алады. Өткен ғасырда елімізге күштеп қоныс аударылған көптеген халықтарға қазақтар пана болды, өз нанымен бөлісіп, қолдау көрсетті. Алғыс айту күні – сол уақыттағы мейірімділік пен жанашырлықты еске түсіретін, ел бірлігін нығайтатын ерекше мереке.

Біз осы күні сіздерге – аянбай еңбек етіп, Қазақстанның ғарыш саласының дамуына үлес қосып жүрген әріптестерімізге, білімі мен білігімен алға ұмтылған мамандарға шын жүректен алғыс айтамыз.

Бұл күн сіздерге қуаныш, жүректеріңізге жылулық, ал өміріңізге сәттілік әкелсін. Жақындарыңызға алғыс айтуды ұмытпаңыз.