ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров ғарыштық технологиялардың ауыл шаруашылығында қолданылуымен танысты


каз.jpg

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Ұлттық ғарыш орталығында болды.

Мұнда министр ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыруға бағытталған ғарыштық мониторинг саласындағы қазіргі заманғы шешімдермен, отандық жерді қашықтықтан зондтау спутниктік жүйелерінің жұмысы, ауыл шаруашылығы өндірісін мониторингтеуге арналған цифрлық платформалармен, сондай-ақ Қазақстанның ғарыш инфрақұрылымын дамыту перспективасымен таныстырылды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы АҚ мамандары ғарыштық спутниктер арқылы алынған деректер ауыл шаруашылығы саласында егін, жайылымдық жерлердің жай-күйін мониторингтеу, су тұтынуды бағалау үшін қалай қолданылатынын түсіндірді. Олар жерді қашықтықтан зондтау деректері арқылы жүргізілген ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингінің нәтижелерін ұсынды.

photo_2025-03-06_22-22-14 — копия.jpg

Презентация қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы министрі «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы АҚ ғарыштық мониторинг деректері мен ҚР АШМ қалыптастырған ақпаратты салыстырмалы бағалау жүргізуді тапсырды. Бұл тапсырма ауыл шаруашылығы жерлерінің жай-күйін, пайдаланылуын бағалауға арналған бірізді тәсілдерді қалыптастыруға, сондай-ақ егістік алаңдары, өнімділік және су тұтыну бойынша есептердегі айырмашылықтарды нақтылауға бағытталған.

Кездесу барысында АӨК процесстерін автоматтандыру және цифрландыруға бағытталған цифрлық платформалар таныстырылды.

Олардың ішінде Agrospace платформасы – ауыл шаруашылығы жерлеріне қатысты геокеңістік деректерді беру үшін арналған, ол ЕГИСС жүйесі арқылы субсидиялар алу өтінімін негіздеу үшін пайдаланылады, JerInSpectr платформасы – жер пайдалану бұзушылықтарын анықтау және профилактикалық бақылау жүргізу үшін деректерді қолданумен бизнес процестерін автоматтандыруға және цифрландыруға арналған.

Сонымен қатар Agrogharysh модулінің мүмкіндіктері көрсетілді, бұл ауыл шаруашылығы алқаптарының кадастрлық мәліметтері мен өсімдік шаруашылығын ғарыштық мониторинг деректерін өсімдік шаруашылығының іздеу жүйесіне беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

photo_2025-03-06_20-00-28 — копия.jpg

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олжас Шоқпаров спутниктік технологияларды дамыту мәселесіне тоқтала отырып, олардың ауыл шаруашылығын цифрландыру үшін маңыздылығын атап өтті:

«Бүгінде Қазақстан спутниктік технологияларды белсенді түрде дамытып жатыр, біздің мақсатымыз – ауыл шаруашылығын бақылау деректерінің дәлдігін арттыру ғана емес, сонымен қатар фермерлерге нақты уақытта негізделген шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін тиімді жер ресурстарын басқару жүйесін құру».

Қорытындылай келе, министр ғарыштық мониторингті АӨК секторында қолдануды әрі қарай кеңейтудің, ЖҚЗ деректерін ауыл шаруашылығын басқарудың мемлекеттік жүйелерімен интеграциялауды күшейтудің, сондай-ақ саланың тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект және үлкен деректер аналитикасы технологияларын енгізудің маңыздылығын атап өтті.