Сьерра-Леоне Сыртқы істер министрі Ұлттық ғарыш орталығында болды
Бүгін Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Сьерра-Леоне Республикасының Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Тимоти Муса Кабба «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ұлттық ғарыш орталығында болып қайтты.
Сапар барысында делегация компания қызметінің негізгі бағыттарымен, соның ішінде ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің жұмысымен танысты. Сондай-ақ тараптар ғарыштық технологиялар саласындағы ықтимал ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Тараптар ғылым мен жоғары технологиялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екендерін білдірді.