ЖИІ ҚОЙЫЛАТЫН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАПТАР


KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ғарыштықтық түсірілімдер мүмкіндіктері туралы жиі қойылатын сұрақтар (ЖҚС)

1. KazEOSat-1 қандай түсірілім мүмкіндіктерін береді?

KazEOSat-1 ғарыштық түсірілімдері 1 метрлік жоғары кеңістіктік ажыратымдылықпен суретке түсіруді қамтамасыз етеді. Бұл өлшемдер кемінде бір метр болатын объектілердін формасын көруге мүмкіндік береді. Алайда, толық қанды объектіні тану үшін, объектінің өлшемі кемінді 10 пиксель, яғни 10х10 метр болуы қажет.
Сондықтан, жоғары ажыратымдылықта түсірілген суреттен адамдарды, мал жануарларды, көліктерді көруге мүмкіндік бермейді. 

2. KazEOSat-2 қандай зерттеу мүмкіндіктерін береді?

KazEOSat-2 ғарыш аппараты 6,5 метрлік кеңістіктік ажыратымдылығы бар суреттерді қамтамасыз етеді. Бұл өлшемі кемінде 6,5 метр болатын объектілердін формасын көруге мүмкіндік береді, алайда объектіні толық қанды көріп тану үшін объектінін мөлшері кемінде 10х10 пиксель болуы қажет.

3. KazEOSat-1 және KazEOSat-2 спутниктері нені ажырата алады?

KazEOSat-1: жеке ғимараттар, көліктердің силуэтін және қалалық инфрақұрылымның басқа да ірі элементтері сияқты шағын нысандарды ажырата алады.
KazEOSat-2: кварталдар, жолдар, көпірлердің силуэті, үлкен ғимараттар және ауылшаруашылық алқаптары сияқты үлкенірек нысандарды ажыратуға қабілетті. 

4. KazEOSat спутниктері үшін қандай шектеулер бар?

Түнгі түсірілім: KazEOSat сериясына жататын жерсеріктері түнде суретке түсірмейді, өйткені олар кескіндерді алу үшін күн сәулесін қажет ететін оптикалық сенсорларды пайдаланады.
Статикалық түсірілім: Жер серіктері Жердің бір нүктесінің үстінде тұрмайды және ғарыштық орбитада үнемі қозғалып жүреді, бұл суреттерді әртүрлі бұрыштардан және әртүрлі уақытта түсіруге мүмкіндік береді. Алайда, бір нүктенің үстінде тұрып үнемі суретке түсіріп тұру мүмкіндігі жоқ.
Түсірілім уақыты: Ғарыштық түсірілімдерді дереу алу үшін, алдымен Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК АҚ компаниясына хабарласып, түсірілім режимі, уақыты және географиялық координаталары мен мөлшері туралы ақпаратты беру қажет, бұл ақпарат негізінде ғарыштық аппаратты басқару тобы түсірілім жасау мүмкіндігін Сізге хабарлайды. 

5. KazEOSat-1 және KazEOSat-2 ғарыш түсірілімдерін қандай жағдайда қолданылуға болады?

KazEOSat-1 қала құрылысын, жол желілерін немесе инфрақұрылымды бақылау сияқты егжей-тегжейлі талап ететін тапсырмаларды орындау үшін ұсынылады.
KazEOSat-2 ауылшаруашылық мониторингі немесе аумақтағы үлкен өзгерістерді қадағалау сияқты үлкен аумақтарды қамтуды қажет ететін жағдайда қолайлы таңдау болып табылады.
Қосымша сұрақтарыңыз болса, біздің байланыс формасы арқылы немесе берілген байланыс деректерін пайдаланып бізбен хабарласыңыз. 

бізге сұрақ қойыңыз

CRM-форма появится здесь